378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокстан әлем чемпионы Қарағандыға келді

  • 300
  • UPD: 23:19, 18.12.2018
Бокстан әлем чемпионы Қарағандыға келді AKboxing

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Кристина Хаммер қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былғары қолғап шебері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 35-ші халықаралық турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген. Әйгілі жерлесіміз Наталья Рагозина секілді Кристина да Қарағанды облысында өмірге келген. Бір жасқа толғанда отбасымен Германияға қоныс аударған. Содан бергі 20 жылдан соң бұл Кристинаның туған жерге алғаш келуі. Ол жерлестерінің спорттағы жетістігін үнемі сырттай қадағалап жүретінін айтады. Әсіресе, Геннадий Головкиннің шеберлігіне тәнті.

Кристина Хаммер, бокстан әлем чемпионы:

- Маған Геннадий Головкиннің жұдырықтасу мәнері, техникасы ұнайды. Одан үйренеріміз көп. Бірақ ерлер мен әйелдердің боксы арасында айырмашылық бар. Әйелдер боксында қара күштен гөрі айлаға басымдық береміз. Мен Қазақстанға ұзақ жылдан соң алғаш келіп отырмын. Наталья Рогозинаның туыстары маған Қарағанды жайлы айтқан. Өте керемет жер екен, әсіресе қазақ жұртының қонақжайлылығына тәнті болдым.

Хабар 24 телеарнасы