387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

  • 1166
  • UPD: 21:02, 20.12.2018
Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады Vesti.kz

Келер жылы Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жазда кісі қолынан қаза тапқан спортшы көзі тірісінде Global Skating Academy атты мектептің негізін қалауды армандаған екен. Бұл туралы бүгін Денистің анасы Оксана Тен тілшілермен жүздесу барысында мәлім етті. Ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде «Денис Тен» қоғамдық қорының алдағы атқарар шаруалары да айтылды. Мысалы, академияның ашылуына ресейлік танымал жаттықтырушы Татьяна Тарасова да қолдау білдіріп, осы жобаның жүзеге асуына атсалысады. Сонымен қатар «Денис және оның достары» атты мұздағы шоу концерті де жыл сайын ұйымдастырылады. Спортшының музыкамен де әуестенгені белгілі. Қор 15 өлеңнен тұратын таспасын жарыққа шығарады. «Әңгімелер, ертегілер және тақпақтар» атты жинақ та көпшілікке жол тартады. Спортшының бейнесіне негізделген анимациялық фильм де жоспарда тұр. Ең бастысы - Денис Тен жазған сценарий бойынша «Соқыр махаббат» атты кино түсіріледі. Бұл көркем туындыны кинорежиссер Тимур Бекмамбетов қолға алды.

Тимур Бекмамбетов, кинорежиссер:

- Қазір режиссер қарастырып жатырмыз. Фильм АҚШ-та түсіріледі. Туынды жастардың қарым-қатынасына арналады. Бізді қаржы жағынан қор қолдап отыр. Жоспар бойынша фильмді спортшының жылдығына дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Сол кезде кино көпшіліктің назарына ұсынылады. Бұл фильм коммерциялық мақсатта түсірілмейді. Ол спортшының рухына арналады.

Хабар 24 телеарнасы