384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

  • 1261
  • UPD: 20:47, 20.12.2018
Алматыда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Ертең Алматыда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Алматы-Арена» спорт кешенінде қазақтың білекті жігіттері әлем мықтыларымен айқасады. Бұл сында Американың Titan FC тұжырымдамасы бойынша екі бірдей салмақта әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 57 келі салмақта қандасымыз Қазыбек Әшімов колумбиялық Хуан Пуэртамен кездессе, 70 келіде америкалық Мартин Браун жерлесіміз Бейбіт Назаровпен «алтын белбеу» үшін сайысқа шығады. Бұдан өзге бірнеше дәреже көтеру жекпе-жектері өтеді. Сырым Бектұрсын, Нұржан Тұтқа, Салауат Бейсенханов және Айбек Нұрсейіт секілді жастар әлемнің әр бұрышынан келген мықтылармен шеберлік байқасады. Жарысқа қатысатын спортшылар бүгін салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Ардақ Назаров, жарысты ұйымдастырушы:

- Titan FC тұжырымы бұл әлемде өте атақты, әсіресе Америкада. Бұл UFC-мен бірге осы уақытқа дейін 74 баланы UFC-ге кіргізген. Сондықтан біздің бар мақсатымыз - осы қазақ елінен өзіміздің спортшыларымызды, сайыпқырандарымызды, батырларымызды ертең UFC-дің төрінен көру. Бұл біз үшін үлкен қуаныш.

Хабар 24 телеарнасы