375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Динара Сәдуақасова Қызылордада алғаш рет бірмезгілді ойын-сеанс өткізді

  • 453
  • UPD: 22:00, 20.12.2018
Динара Сәдуақасова Қызылордада алғаш рет бірмезгілді ойын-сеанс өткізді

Шахматтан әлемнің 4 дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова Қызылордада алғаш рет бірмезгілді ойын-сеанс өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық гроссмейстер шаршы тақтада 25 жеткіншекпен шеберлік байқасты. Бұған дейін республиканың өзге өңірлерінде жүзеге асырылған әлеуметтік жоба аясында жастарға шахматтың тек ойын түрі ғана емес, өзін өзі дамытудағы ең күшті құрал екендігі түсіндірілді. Логиканы дамытып, есте сақтау қабілетін арттыратын ойын стратегиялық ойлаумен қатар мақсат қою рухын қалыптастырады. Сеанс барысында Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға аталған тәсілдер жөнінде кеңінен ақпар беріп өтті. Ал үздік ойыншыларға «Шахмат ойнап үйренейік» атты өз тәжірибесіне сүйене отырып жазған кітабын тарту етті. Әдістемелік жинақ қазақ тілінде жарық көрген.

Әсел Серікбай, шахматтан жасөспірімдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы:

- Біз Динарамен шахматтан ұлттық құрама командасында бірге ойнадық. Менің ойымша, бүгінгі ойын көптеген қызылордалық шахматшыларға үлкен жетістік болып саналады. Осы ойын арқасында шахматқа деген қызығушылықтары арта түседі.

Хабар 24 телеарнасы