377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Алтын тұғыр» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 511
  • UPD: 23:05, 21.12.2018
Астанада «Алтын тұғыр» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Дәстүрлі іс-шара осымен алтыншы рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топ жарып, тұғырдан көрінгендердің арасында ардақты ардагерлер, білікті бапкерлер мен әділ төрешілер бар. Сондай-ақ жамбы ату шеберлері, қазақ күресінің белді балуандары, майталман көкпаршылар мен аударыспақ саңлақтары да мәртебелі мадаққа ие болды. Ұлттық спорт қауымдастығы көнеден жеткен өнерді ел ішіне кеңінен насихаттауға атсалысып жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін де марапаттады. Олардың қатарында «Хабар 24» арнасының ұжымы да бар. Біздің арна «Үздік ақпарат» номинациясын еншіледі. Осы ретте 2021 жылы елімізде әлем бойынша тұғыш рет этноспорттан халықаралық турнир өтетінін еске салайық. Ұлттық спорт қауымдастығы байрақты сол бәсекеге қазірден-ақ қызу дайындалып жатыр.

Рахат Жақсыбай, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:

- Қазіргі уақытта ойындардың немесе спорттың түрлері, қандай ел қатысуы мүмкін деген сынды мәселелер талқылануда. Оны келесі жылы толық анықтаймыз. Бұл жерде бірнеше тәсіл бар. Мәселен, құрлық бойынша бөліне ме, әлде ең озық дамыған ұлттық спорт түрлері таңдалып алына ма, осының барлығы 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында белгілі болады.   

Хабар 24 телеарнасы