378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: Егер «Канело» ұлы чемпион болса, Головкинмен тағы айқасады

  • 397
  • UPD: 12:52, 22.12.2018
БАҚ: Егер «Канело» ұлы чемпион болса, Головкинмен тағы айқасады inform.kz

The Press-Enterprise америкалық басылымы атап өткендей, Геннадий Головкин - Сауль Альварес үшінші жекпе-жегі келер жылда кәсіби бокс әлемі күтіп отырған ең маңызды шара, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мұнда аяқталмай қалған іс бар. Альварес мұны сезбеуі мүмкін, себебі ол жеңіске жетті. Алайда, біз кімнің үздік боксшы екенін анықтаған жоқпыз. «Канелоның» промоутері Оскар де ла Хойя таяуда Твиттерде келесі айқас туралы жариялайтынын жазды. Онда мерекелерден кейін Альварестің мамырда жекпе-жекке шығатыны айтылып, #СіздерТаңғаласыздар хэштегі қойылды. Оның қарсыласы Головкин болатынына ұқсамайды. Алайда, сол болуы керек еді. Егер «Канело» мен де ла Хойя Головкинді 2019 жылдың соңына дейін немесе 2020 жылға дейін күттіріп қойса, оның жасына байланысты мәселелер туындауы мүмкін», - делінген хабарламада.

«GGG қазір 36-да, ал сәуірде 37-ге толады. «Канело» бар-жоғы - 28-де, сондықтан ол күте береді. Біз Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегінің Геннадий 38-ге толғанда өткенін қаламаймыз. Егер Альварес ұлы чемпион болса, де ла Хойяға Головкинмен мамырда айқасқысы келетінін айтады. Сонымен бітті. Оскардың оң қолы, Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес «Канелоға» Головкинмен ауыр айқастан кейін жеңіл жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін мәлімдеді. Керемет. Альварес мұндай айқасты өткен сенбіде өткізді. Ол Рокки Филдингті үшінші раундта тоқтатып, оның титулын иемденді. Енді Саульге өзін көрсететін уақыт жетті», - деп жазылған материалда.

Хабар 24 телеарнасы