378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илья Ильиннің Катардағы сайысқа соңғы сәтте неліктен шықпағаны белгілі болды

  • 521
  • UPD: 22:21, 22.12.2018
Илья Ильиннің Катардағы сайысқа соңғы сәтте неліктен шықпағаны белгілі болды

Дохада Халықаралық Катар кубогінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бұл турнир өз кезегінде 2020 жылы болатын Олимпиада ойындарына іріктеудің басы болып саналады.

Қазақстандық танымал зілтемірші Илья Ильин жарақатына байланысты турнирге қатыса алмаған. Бапкерлер оның жарысқа шығуына қарсы болған.

«Біз Ильяның жарақатын ушықтырып алғымыз келмейді. Емделі қалпына келу процестерінің бәрінен өткеніне қарамастан, оның омыртқасындағы жарақат қайта сыр берді. Нәтиже үшін оны шығаруға болатын еді, бірақ омыртқаға зиян келуі әбден мүмкін. Сондықта  бапкерлер штабы оны жарысқа шығармауға шешім қабылдады», - деді Юрий Мельников.

Хабар 24 телеарнасы