378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте өткен садақ атудан жарыстың жеңімпаздары анықталды

  • 406
  • UPD: 23:52, 22.12.2018
Шымкентте өткен садақ атудан жарыстың жеңімпаздары анықталды Olympic.kz

5-11 желтоқсан аралығында Шымкентте садақ атудан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ш. Әмірбекұлын еске алуға арналған  халықаралық турнир өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ірі халықаралы турнирге әлемнің 10 мемлекетінен 180 спортшы қатысты. Атап айтар болсақ, турнирде Армения, Грузия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан спортшылары бақ сынаған болатын. 

Классикалық стильде садақ атудан қазақстандықтар жүлдені ешкімге берген жоқ. Сұлтан Түзелбаев бірінші, Ильфат Абдуллин екінші, Ойбек Сайдиев үшінші орынды иеленді.

Әйелдер арасында грузиялық спортшыны ешкім жеңе алған жоқ. Қазақстандық Қаракөз Асқарова екінші, украиналық Катерина Дубровина үшінші орыннан көрінді. 

Ал блоктық стильде Рустам Қарабаев үздік үштікке енді. Әйелдер арасында жерлесіміз Диана Макарчукке ешкім тең келген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы