378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аstana Winter Marathon-2018-ге 1600 адам қатысты

  • 736
  • UPD: 15:19, 23.12.2018

Бүгін 1600-ге жуық елорда тұрғыны Аstana Winter Marathon-2018 шарасына қатысты, деп жазады «Хабар 24».

Сондай-ақ еліміздің тағы бірнеше қаласында 300-ге тарта адам белгіленген қашықтықты жүгіріп өтті. 

Айта кетейік, қысқы марафон осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ереже бойынша шараға 12 мен 74 жас аралығындағы қатысушылар жіберілді. Олар 42, 21, 10 және 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс болған. Бірақ аязға байланысты 42 шақырым 21-ге қысқартылды. Дегенмен қатысушылардың барлығы да  марафонды ойдағыдай жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. 

Марат Жыланбаев, ҚР Денсаулық елшісі:

- Тіркеуден өткен барлық қатысушылар өздері таңдаған қашықтығы бойынша жүгірді. Тек 42 шақырымдық қашықтықты ғана қысқарттық. Себебі ауа температурасы 20 градустан төмендеген жағдайда, халықаралық талаптар бойынша спорттық шара басқа күнге ауыстырылады немесе уақыты қысқартылады. Ал біз ең ұзақ қашықтықты қысқарту туралы шешім қабылдадық. Қатысушылардың барлығының көңіл-күйі жақсы. Тіпті аязды да елеп жатқан жоқ. Бізде жылдың кез келген мезгілінде спортпен айналысуға жағдай бар. Қыста таза аудада серуендеңіз. Шаңғымен, шанамен сырғанаңыз.

Хабар 24 телеарнасы