388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында шаңғышылар ел кубогін сарапқа салып жатыр

  • 676
  • UPD: 21:48, 25.12.2018

Қазақстандық шаңғышылар Алматы облысында жүр. Спортшылар Талғар ауданындағы шаңғы базасында ел кубогін сарапқа салуда.

Желтоқсанның 21-інде басталған жарыс жұма күні аяқталады. Бүгінге дейін бірнеше қашықтықта жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Еркін әдістегі спринтте Эльмира Мутагарова чемпион атанды. Ерлер арасында Денис Волотка топ жарды. Ол еркін әдістегі 10 шақырымдық сайыста да ел кубогын еншіледі. Әйелдер арасында Анна Шевченко жеңіске жетті. Анна классикалық әдістегі жекелей жарыста та топ жарды.

Қостанай облысында үздік 15 спортшы мен жаттықтырушы марапатталды

Биыл Тобыл өңірінің саңлақтары ел намысын абыроймен қорғады. Әсіресе Александр Колядиннің жеңісі айтуға тұрарлық. Пхёнчхандағы параолимпиада ойындарында топ жарған шаңғышы «Құрмет» төсбелгісін кеудесіне тақты. Мамандар облыста бұқаралық спорттың да дамып келе жатқанын айтады. Қазір өңірде тұрғындардың 30 пайыздан астамы салауатты өмір салтын ұстанады. 

Айбек Байділдинов, полиатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Осындай марапатқа шақырылғаныма өте қуаныштымын. Жылдық еңбегімізді осылай қолдап жатқанына. Осы жылы полиатлон спортынан әлем чемпионатының жеңімпазы атандым. Жиындарда, дайындық барысында қиыншылықтар болып тұрады. Олар осындай марапатпен ұмытылып қалады.

Франк де Бур «Атланта Юнайтед» клубына бас бапкер атанды

Голландиялық жаттықтырушы Франк де Бур біліктілігін Америкада сынап көруге бел буды. Ол «Атланта Юнайтед» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Команда АҚШ пен Канаданың жоғарғы футбол лигасында ойнайды. Де Бур Херардо Мартиноны алмастырды. «Атланта Юнайтед» аргентиналық маманмен биыл чемпионатта топ жарғанын айта кетейік. Голландиялық жаттықтырушы енді Мартиноның жетістігінен төмен түспеу керек.

Хабар 24 телеарнасы