378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Шахтер» бразилиялық академия тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды

  • 292
  • UPD: 23:01, 27.12.2018
«Шахтер» бразилиялық академия тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды

Берік Шайхов мансабын Қарағандының «Шахтер» сапында жалғастыратын болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған.

«Оле Бразил» академиясының тәрбиеленушісі келесі жылы «кеншілердің» намысын қорғайтын болады. Берік «Оле Бразил» футболшыларының арасынан шыққан санаулы жақсы футболшылардың бірі. Бұған дейін ел чемпионатында «Жетісу», «Астана», «Ертіс» және «Оқжетпес» командаларында доп тепті.

24 жастағы қорғаушы өткен маусымда Оралдың «Ақжайығы» сапында өнер көрсетті. Ал өткен жылы Премьер-лига аясындағы 33 матчқа қатысты. 

Хабар 24 телеарнасы