378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин бес жылда алғаш рет «Жыл боксшысы» атағын иелене алмады

  • 370
  • UPD: 12:58, 28.12.2018
Головкин бес жылда алғаш рет «Жыл боксшысы» атағын иелене алмады Мой город

GGG бұл сыйды 2013 жылдан бері алып келген.

Worldboxingnews.net сайты 2018 жылғы «Жыл боксшысы» атағына үміткерлер тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр WBN сыйлығын карьерасында төртінші рет Геннадий Головкин алған болатын, алайда, биыл қазақстандық үміткерлер тізімінде де болмай шықты. Осылайша, GGG 2013 жылдан бері бұл тізімге алғаш ілінбей отыр.

WBN биыл «Жыл боксшысы» атағына таласатын басты үміткерлер украиналық Василий Ломаченко мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес екенін атап отыр. Бұл тізімде ары қарай Александр Усик, Майки Гарсия, Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Наоя Иноуэ, Мэнни Пакьяо, Александр Гвоздик, Каллум Смит және тағы бірқатар боксшы бар.

WBN сыйы үшін үміткерлердің толық тізімі 2 қаңтарда белгілі болады. Ал дауыс беру 18 қаңтарға дейін өтеді.

Еске салайық, Головкин WBN сыйын 2013, 2014 және 2015 жылдары иеленді, ал 2016 жылы қазақстандықтың үстемдігін Ломаченко үзді. Бір жылдан кейін Головкин украиндыққа өзіндік бір қарымта жасады.

Хабар 24 телеарнасы