378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында шаңғы фестивалі өтті

  • 433
  • UPD: 23:18, 28.12.2018

Түркістан облысының Төле би ауданында «Тау самалы – Жан самалы» деген атаумен алғаш рет шаңғы фестивалі өтті.

Оған аймақ басшысынан бастап, облыс пен Шымкент қаласының тұрғындары және спортшылары қатысты.

У-шуы көп қаладан шаршағандардың барлығы Төлеби ауданындағы тау етегінде жүр. Таза ауа да шаңғы теуіп, табиғатқа  тамсануда. Үлкендер шаңғы фестивалінің қызығын тамашаласа,  кішкентай балалар шанамен сырғанап, мәз-мейрам болды.

Маржан Ақжігіт шаңғымен кәсіби тұрғыда айналысады. Талай байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген қайсар қыз бұндай фестивальдер бұқаралық спорт пен қысқы туризмді дамытуға үлкен серпін беретінін айтады.

Маржан Ақжігіт, спортшы:

- Алдында ешқашан ойламаппын Шымкентте шаңғымен сырғанаймын деп. Бірақ мен өте ризамын. Осы бүгінгі фестивалді ұйымдастырғандарға ризамын, алғыс айтамын.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Біз қазір Шымкент қаласынан 45 шақырым қашықтықтағы «Тау самалы» шаңғы базасында, яғни теңіз деңгейінен 1300 шақырым биіктікте тұрмыз. бұл жерде туристер мен қала қонақтарына барлық жағдай жасалған. Мәселен, демалушылар осы жерге дейін мынадай жылжымалы арқанды жолмен келеді де, төмен қарай шаңғымен түседі.

Жалпы Төле би ауданында қысқы туризм қарқынды дамып келеді. «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы барлық талаптарға сай салынған. Мұнда бір мезетте 3 мыңдай адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Қазір ауданда 70 туристік нысан бар. Биыл ауданға  28 мыңға жуық турист тарту жоспарланса, 11 айда 28 мыңнан аса саяхатшы келген.

Бақытжан Зиябеков, Шымкент қалалық №8 қысқы спорт мектебінің директоры:

- Шаңғы фестивалі Түркістан облысында қысқы спорт түрін, туризмді дамытуға үлкен әсер етіп отыр. Бұл жерде облыс спортшылары, қала спортшылары, әсіресе фристайл спорт бөлімі, шаңғы бөлімі, жас хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар өз өнерін көрсетті. Бұл Түркістан облысы мен Шымкент қаласына ұйытқы болып отырған іс.

Фестиваль аясында аймақ басшысы облыс спорт дамытуға ерекшк үлес қосып жүрген бірқатар спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын қаржылай сыйлықтармен марапатады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы