378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғарда жаңа спорт мектебі ашылды

  • 700
  • UPD: 20:04, 29.12.2018

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысы Талғар қаласында жаңа спорт кешені және «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Ермахан Ыбрайымовтар қатысты. Талғар ауданы спорттағы талапты да талантты жастарымен мақтанады. Енді осы спорт кешенінде балалар спорттың ондаған түрімен емін-еркін, алаңсыз шұғылданатын болады.

Назерке Назарбек, оқушы:

– Мен 1 сыныптан бастап қатысудамын. Қазір үшінші сыныпта оқимын. Көптеген әдістерді үйреніп жатырмын.

Темірлан Ермекұлы, спортшы:

– Ауданымызда спорт мектебі ашылып жатыр. Болашақта чемпиондар шығатынына сенімдімін.

Денешынықтыру әрі сауықтыру кешенінде мәжіліс, жаттығу, бокс, күрес, ойын залдары бар. Волейбол, футбол, баскетбол алаңдарында тартысты ойындарды тамашалау үшін көрермендерге арналған 400 орындық трибуна салынады. 56 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Жалпы бұл спорт мектебіндегі  үйірмелерге 5-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қабылданып, спортпен тегін шұғылданады. Спорт кешенінің келешекте 1100 бала қабылдауға  мүмкіндігі жетеді.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы