375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

The Ring жылдың үздіктерін анықтады

  • 325
  • UPD: 17:26, 30.12.2018
The Ring жылдың үздіктерін анықтады prosports.kz

Бокс туралы жазатын беделді The Ring журналы 2018 жылдың үздіктерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Жылдың айтулы оқиғасы»

Бұл номинацияны бокс кештерін трансляциялаудан бас тартқан НВО арнасы ие болды.

«Жыл нокауты»

Жылдың ең әдемі нокаутының иесі - Наоя Иноуэ. Жапон боксшысы қарсыласы Хуан Карлос Пайяноны бірінші раундта сұлатып түсірген.

«Жыл оралуы»

Үш жылдан соң шаршы алаңға оралған Тайсон Фьюри «жыл оралуы» номинациясын жеңіп алды.

«Жыл раунды»

Тайсон Фьюридің Деонтей Уайлдерге қарсы жекпе-жегінің 12-ші раунды - жыл раунды болып танылды.

«Жыл проспекті»

21 жастағы америкалық әрі гондурастық боксшы Теофимо Лопес жылдың үздік проспекті болды.

«Жыл жекпе-жегі»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен екінші кездесу жылдың үздік жекпе-жегі болып танылды.

«Жылдың үздік бапкері»

Украиналық боксшы Василий Ломаченконың бапкері әрі әкесі Анатолий Ломаченко өз ісінің үздігі болды.

«Жыл боксшысы»

Бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион украиналық Александр Усик «жылдың үздік боксшысы» атағын жеңіп алды.

Авторы: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы