389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалықтар Қазақстан хоккей құрамасының барлық жейдесін сатып алған

  • 800
  • UPD: 10:45, 31.12.2018
Канадалықтар Қазақстан хоккей құрамасының барлық жейдесін сатып алған Prosports.kz

Канадалық БАҚ Виктория қаласының халқы қазақстандық хоккейшілерге үлкен қолдау көрсетіп жатқаны жайында сюжет шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті жанкүйерлер Қазақстан құрамасының барлық жейдесін сатып алған, ал қазақстандық хоккейшілер шайба салған сайын трибуна «Sweet Caroline» әнін орындайды.

Естеріңізге салсақ, Канадада хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Алғашқы ойында 51 сейв жасаған қазақстандық хоккейші Демид Еремеев канадалық жанкүйерлердің үлкен қошеметіне бөленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы