375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

300-ге жуық астаналық 2019 метр қашықтықты жүгіріп өтті

  • 286
300-ге жуық астаналық 2019 метр қашықтықты жүгіріп өтті

Жаңа жылдың алғашқы күнінде 300-ге жуық астаналық уәде етелігендей жүгіруге шықты.

Халықаралық шараға жалпы Қазақстан бойынша 600-ден астам адам қатысты. Олар 2019 жылдың құрметіне 2019 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Дәстүрге айналған халықаралық марафон осымен 5 жыл қатарынан ұйымдастырылды. Биыл оған әлемнің тоғыз елінің 56 қаласынан 8 мыңға жуық адам қатысқан. Басты мақсат – өз-өзіңді жеңіп, алға ұмтылу. Биыл жүгіруге келгендер жейдедегі нөмір орнына осы жылы қол жеткізілуі тиіс мақсаттарын жазды. Дәстүр бойынша келер жылы да кездесіп, жетістіктерімен бөліседі. Өткен жылы жүгіруге 6 елдің 53 қаласының тұрғындары қатысқан. «Биыл олардың саны артты», - дейді ұйымдастырушылар. Қазақстанның өзінде уәде етілген жүгіруге Алматы мен Астанадан бөлек, 10 қаланың тұрғындары шықты. 

Хабар 24 телеарнасы