378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Африканың үздік футболшысы» атағынан үміткер 3 спортшы анықталды

  • 243
  • UPD: 09:59, 02.01.2019
«Африканың үздік футболшысы» атағынан үміткер 3 спортшы анықталды

Африка құрлығының үздігі кім? Қазір мамандар көкейіндегі сауал осы. Өзгелері де осал емес, бірақ дәл қазір шоқтығы биік үш футболшыны атаңыз десеңіз африкалықтар «Ливерпульдің» қос қанаты секілденген Мұхаммед Салах пен Садио Манені және «Арсеналды» жеңіске жетелейтін Пьер-Эмерик Обамеянгты нұсқайтыны анық.

Габон футболының бағына туған Обамеянг қатарынан бес жыл негізгі үміткерлер қатарында болды. Мысалы, 2014 және 2016 жылы екінші орынды місе тұтса, 2015 жылы Африка құрлығының үздік футболшысы атанды. Мұхаммед Салах  2017 жылы топ жарды. Оған дейін жеке табысқа кенелген Египет ойыншысы жоқ еді. Мане соңғы екі жылда үздік үштіктің қатарында жүрді. Бірақ бас жүлдеден сырт қалды. Биылғы үздіктің есімі сегізінші қаңтарда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Сенегалда өтетінін ескерсек, осы елдің бел баласы Садионың да бәйгеден келу мүмкіндігі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы