378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аты аңызға айналған бапкер «Манчестер Юнайтедтің» жаттығуына қатысты

  • 309
  • UPD: 10:07, 02.01.2019
Аты аңызға айналған бапкер «Манчестер Юнайтедтің» жаттығуына қатысты

«Манчестер юнайтед» командасының бас бапкері Уле Гуннар Сульшер аты аңызға айналған бапкер сэр Алекс Фергюсонның жаттығу кезінде келгенін айтты.

«Манкуниандықтарды» бірнеше жыл баптаған даңқты жаттықтырушы ойыншыларға батасын беріп, бапкерлерге де сөз арнапты. Талайдан бері «МЮ» дайындығын пысықтамаған маман ашылып, әңгіме айтыпты. Футболшыларды жігерлендіріп, кез келген матчта ұпай ұстануғы болатынын тілге тиек етіпті.

Уле Гуннар Сульшер, «Манчестер юнайтед»  командасының бас бапкері:

- Ұстаз келді. Жаттығуымызды көрді. Жадырап қалғандай көрінді. Ақылын айтты. Батасын берді. Он бес жыл қол астында жаттықтым  ғой. Сырын әбден білемін. Ол біздің сыншымыз. Ұстазға ұнаудың өзі бір ғанибет ғой, әрине қазір тау қопарып тастамасақ та біздің команданың ойыны біршама түзеліп қалды. Сэр Алекс те біздің жұмыстан хабардар. Ондай маманның жаттығуға бір келіп кеткені де жігіттерді жігерлендіреді.

Хабар 24 телеарнасы