389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің хоккейден жастар құрамасы Даниямен кездеседі

  • 525
  • UPD: 11:28, 02.01.2019
Еліміздің хоккейден жастар құрамасы Даниямен кездеседі

Қазақстан жастар құрамасының әлем біріншілігіне қатысуы табыс саналатыны анық. Алайда біздің хоккейшілердің келесі чемпионатты мықтылар қатарында қалуы қиын.

Қиын болатыны өз тобында көш соңында қалып қойған Сергей Старыгин шәкірттері енді «В» тобының осалы саналған Даниямен екі рет айдынға шығып, жолдама тағдырын шешеді. АҚШ пен Словакиядан ойсырай ұтылған Қазақстан құрамасы Швециямен бір сыдырғы жақсы ойнады деуге келеді. Батырлан Мұратов гол соқты, өзіне бағытталған елу екі соққыны кері қайтарған қақпашы Денис Қаратаев небәрі төрт шайба жіберді. Осы біріншілікте қақпашыларға сын айту әбестік. Өйткені Денис те, Демид Еремеев те өз шеберліктерін паш етті. Қазақстан мен Дания арасындағы алғашқы ойын бүгін түнде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы