389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболшы Самир Насри «Вест Хэммен» келісімге келді

  • 317
  • UPD: 11:38, 02.01.2019
Футболшы Самир Насри «Вест Хэммен» келісімге келді

Талантты француз талайдан доп теппей кетіп еді. Соңғы рет алаңға 2017 жылдың қараша айында шыққан.

Содан бері аяқдоптан тыс қалды. Тыйым салынған дәрмек пайдаланғаны үшін.

Егер естеріңізде болса, Насри алты жыл бойы «Манчестер сити» сапында өнер көрсетті. Команданы сол кезде Мануэль Пеллегрини жаттықтырған еді. Қазір Пеллегрини «Вест Хмнің» тізгінін ұстады. Демек, өзі танитын әрі сенетін Самирді қалап отыр. Ағылшын премьер-лигасының турнир кестесінде он бірінші орналасқан командаға дәл қазір Насридің көмегі әбден қажет. Жартылай қорғаушы бір жарым жылда білгенінен жаңылмаған болар. Самирдің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында желпініп жүргенін паш етіп, жанкүйерлер алдында қарызы бар екенін, енді барынша шебер ойнауға мүдделі екенін жазыпты.

Хабар 24 телеарнасы