375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ Головкинді Мұхаммед Әлиге ұқсатты

  • 291
  • UPD: 23:12, 02.01.2019
Шетелдік БАҚ Головкинді Мұхаммед Әлиге ұқсатты informburo.kz

Шетелдік Thegruelingtruth.net порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жектерінен кейінгі феномені туралы жазды, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Енді GGG кейінгі жылдардағы Мұхаммед Әли сияқты ғаламдық супержұлдыз. Ол да спорттағы шалағай әрі мызғымайтын процестердің арқасында екі рет зәбір көрген, өз-өзіне көмектесе алмайтын адамға ұқсап тұр. «Канелоның» жеңісі жанға жағымды көрінгенімен, оның ел ішіндегі танымалдығының өсуіне айтарлықтай көмектеспейді. Ал Геннадий Головкиннің көңілін қалдырған екі даулы шешім оның жанкүйерлерінің санын арттырып, боксшыны ғаламдық культке айналдырды. Жеңімпаз болу үшін жеңу міндетті емес. Бұл бокс. Бұл өмір», - деп жазады портал.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізді. Қарсыласы - мексикалық Сауль Альварес болатын. Бұл кездесу әділқазы шешімімен мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы