378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

UFC рейтингісі жаңарды

  • 240
UFC рейтингісі жаңарды prosports.kz

UFC барлық салмақ дәрежесіндегі (Р4Р) үздік файтерлердің жаңартылған рейтингісін жариялады.

Ұйымның ауыр салмақтағы чемпионы Даниэл Кормье рейтингіде көш бастап тұр. Ал жартылай ауыр салмақтағы чемпион Джон Джонс екінші орынға жайғасты, ол өткен аптада титулды жекпе-жекте Александр Густафссонды жеңген болатын.

Ал үздік үштікті жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов түйіндеді.

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Аманда Нуньес бірден алты сатыға жоғарылап, 8-орынға көтерілді. Ол – үздік ондықта ұсынылған файтерлердің ішінде жалғыз әйел.

UFC жұлдыздарының бірі Конор Макгрегор рейтингінің тоғызыншы позициясында тұр.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы