378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Англия премьер-лигасындағы матчта 26 минутта 6 гол соғылған

  • 281
  • UPD: 15:24, 03.01.2019
Англия премьер-лигасындағы матчта 26 минутта 6 гол соғылған vesti.kz

«Борнмут» Англия чемпионатының 21-турындағы өз алаңында «Уотфордпен» тең ойнады.

Борнмуттегі «Виталити - Дин Корт» стадионында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Айта кететіні, барлық гол бірінші таймда салынды.

Алаң иелері сапында Натан Аке (34-минут), Каллум Уилсон (37) және Райан Фрейзер (40). Ал қонақтарда Трой Дини (14 және 27-минутта) дубль жасады, ал тағы бір допты Кен Сема 38-минутта салды.

29 ұпай жинаған «Уотфорд» премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында, ал «Борнмут» 27 ұпаймен он екінші тұр.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы