378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Челси» Бундеслиганың футболшысын 64 млн еуроға сатып алды

  • 392
  • UPD: 22:00, 03.01.2019

«Астана» футбол командасы жаңа маусымға дайындықты 15 қаңтарда бастайды. Ел чемпиондары осы айдың соңына дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Командаға бас бапкер болып украиналық, Роман Григорчук оралады. Ол отбасы жағдайына байланысты өткен жылдың жаз айында еліне кеткен болатын. Екінші жиын ақпанның 3-і мен 24-і аралығында Түркияда өтеді. 

Жаңа жылдың алғашқы айында Еуропа футболында қысқы ауыс-түйістер басталды. Алғашқы ірі трансфер Дортмундтың «Боруссиясы» мен Лондонның «Челсиі» арасында жасалды. Неміс бундеслигасында доп тебетін Кристиан Палисик келесі маусымды ағылшын премьер-лигасында бастайды. «Челси» жартылай қорғаушыны «Боруссиядан» 64 млн еуроға сатып алды. Палисик Лондонға жазда ауысады. Оған дейін Дортмундта қала береді. АҚШ құрамасының футболшысы осы маусымда неміс командасы сапында 18 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Даниямен айдынға шығып, 4:3 есебімен басым түсті. Канаданың Ванкувер қаласындағы кездесуде элиталық топтың жалғыз жолдамасы сарапқа салынады. Қарымда ойын ертең өтеді. Жеңіске жеткен құрама элиталық топтағы орнын сақтап қалады. Даниямен болған алғашқы матчта Олег Бойко, Ернар Мұсабаев, Саян Данияр және Мальте Сетков мергендік танытты. Сергей Старыгиннан тәлім алатын Қазақстан хоккейшілері әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Швеция, Словакия, АҚШ және Финляндия құрамаларына есе жіберген болатын. 

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі жастар арасында әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Назым Ищанованың сынамасынан допинг табылды. Спортшының ағзасынан тиым салынған фуросемид іздері шыққан. Бұл дәрі ағзадағы ауыр дәрілерді тез тазалауға және салмақ тастауға көмектеседі. Ақпаратты ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жариялады. Енді Назым Ищанова допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан аластатылады. Жаза мерзімі 2018 жылдың 26 қарашасынан бастап, 2020 жылдың 25 қарашасына дейін созылады.

Хабар 24 телеарнасы