378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі қазақстандық боксшы IBO рейтингінен шығып қалды

  • 871
Екі қазақстандық боксшы IBO рейтингінен шығып қалды

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақтағы рейтингті жаңартты.

Соның негізінде екі қазақстандық боксшы 100 үздіктің қатарынан шығып қалды. Иван Дычко 89-орнын сақтап қалды. Бейбіт Шүменов 32-орыннан 27-орынға көтерілді.  Иса Акбербаев ТОП-100 ден ұшып кетті.  Әли Ахмедов 34-орнын сақтап қала алмады, қазір ол 49-сатыға жайғасқан. Айдос Ербосынұлы 97-орыннан 56-орынға көтерілді. Орта салмақта Геннадий Головкин бірінші орында, Мейірім Нұрсұлтанов  59-орыннан 74-ке сырғыды. Бахтияр Эюбов, 95-орнын жоғалтып, жүздіктің қатарынан шығып қалды. Бірінші орта салмақтағы  Батыр Жүкембаев 27-орында. Жеңіл салмақтағы Абылайхан Хусаинов 99-орында.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы