«The Ring» атақты басылымының маманы Дуглас Фишер «Канело» мен Головкиннің арасында өткен реваншқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл жекпе-жекте Головкин «Канело» аздаған артықшылықтармен болса да жеңгенін мойындау керек. Жемқорлық туралы, төрешілердің әділетсіздігі деген шағымдарыңызды жинап қойыңыздар да, алға жылжуды ойлаңыздар», - деді журналист Твиттер парақшасында.