375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендік «Торпедо» ХК-ның бас бапкері қызметінен кетті

  • 370
  • UPD: 11:22, 05.01.2019
Өскемендік «Торпедо» ХК-ның бас бапкері қызметінен кетті

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Мисхат Фахрутдинов қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша күшін жойды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, ресейлік маман 28 желтоқсан күні қарағандылық «Сарыарқамен» өткен ойынға да, одан кейінгі баспасөз мәслихатына да қатыспаған болатын. Сол матчта бас бапкердің қызметін Евгений Фадеев атқарды. Енді араға бір аптаға жуық уақыт салып, өскемендік клубтың баспасөз қызметі М.Фахрутдиновтың қызметінен кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, ресейлік бапкер «Торпедо» тізгінін 2017 жылдың қараша айында ұстаған болатын. Былтырғы біріншілік барысында Фахрутдиновтың командасы плей-офф кезеңінің 1/8 финалында сүрінген еді. Команданың аяқ алысы биылғы біріншілікте де мәз емес. 39 кездесуден кейін 41 ұпай жинаған жерлестеріміз әзірге турнир кестесінің бар болғаны 16-сатысында тұр.

altaynews.kz

Хабар 24 телеарнасы