378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық желаяқтар ауқымды марафонға дайындалуда

  • 364
  • UPD: 20:51, 07.01.2019

Аязды күні табан тоздырып, жүгіріп жүрген желаяқтар Қостанайда көп.

Олар жылдың кез келген мезгілінде жарыс жолына шығуға дайын.

Осылайша салауатты өмір салтын насихаттап, бұқараның спортқа деген қызығушылығын оятуға үлес қосып жүр.

Серікбай Жиеналин – бала кезінен спортты серік еткен жан. Жасы 70-ке таяп қалса да, күнделікті жүгіріп бой сергітуден жалықпайды. Жаздың шіліңгір ыстығы, қыстың қытымыр аязы оған кедергі емес.

Серікбай Жиеналин, қала тұрғыны:

– Жетісіне 3-4 рет осында жүгіріп тұрамын. Күн жылы болса шаңғы тебемін. Жазда велосипед айдамын. Ерінбеу керек.

Мемлекеттік қызметші, ұстаз, кәсіпкер сияқты түрлі саланың өкілдері осылайша орталық саябаққа тұрақты жиналады. Минус 25 градуста күніне 10 шақырымды бағындыру оларға еш қиындық тудырмайды. Араларында мамандығы дәрігер болғанымен, жарыс жолында күллі Азияны мойындатқан жүйрік те бар.

Римма Воеводина, жеңіл атлетикадан Азия чемпионы:

– Жеңіл атлетикамен шамамен 20 жылдай шұғылданамын. Негізгі жұмысымнан көрі жүгірісті бірінші орынға қойып жатамын. Себебі бұл өмір салтына айналды.

«Қыстыгүні жүгірудің адам ағзасына әлдеқайда пайдалы екенін әркім біле бермейді», – дейді марафоншы Сергей Поликарпов. Суық ауа құрамындағы оттегінің мол мөлшері жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелеріне оң әсер етеді. Сәйкесінше бірқатар аурудың алдын алуға болады.

Сергей Поликарпов, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Жылдың кез келген мезгілінде жүгіреміз. Дала суық деп қыс бойы еш жерге шықпай үйде отырмайсыз ғой. Жүгіру де өмір заңдылығы сияқты үнемі айналысуды қажет етеді.

Қостанайлық желаяқтар жарыстардан кенде қалған емес. Осы аптада олар Дінмұхамед Қонаев атындағы ауқымды марафонда бақтарын сынайды.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы