378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Australian Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі

  • 276
Australian Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі Prosports.kz

8 қаңтарда маусымның Үлкен дулыға аясындағы алғашқы турнирі – Australian Open-нің іріктеуі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина, Александр Бублик пен Александр Недовесов іріктеудің алғашқы матчында кімдермен кездесетінін білді.

Турнирдің ерлер арасындағы сайысында біздің теннисшілеріміз Латвия өкілдерімен кездеседі. Бублик Юрий Родионовпен күш сынасса, Недовесов кортта Дмитрий Новакпен сынға түседі. Ал әйелдер арасында Елена Рыбакина қытайлық Чжу Линьмен кездеседі.

Естеріңізге салсақ, Australian Open-нің негізгі кезеңі 14-27 қаңтар арасында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы