388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында спорт кешені ел игілігіне берілді

  • 1130
  • UPD: 14:09, 08.01.2019
Түркістан облысында спорт кешені ел игілігіне берілді

Елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыру орындарының қолжетімді болуы еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қажет.

Осыған орай Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында кем дегенде 100 спорт кешенін салуды тапсырған болатын. Соның бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданының орталығында бой көтерді. Мемлекет қаржысына салынған 210 орындық «Жеңіс» дене шынықтыру - сауықтыру кешені ел игілігіне берілді.

Құралбек Бұқаров, Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Біздің ауданымызда қазіргі таңда халықтың 28,1 пайызы осы дене шынықтыу және спортпен тұрақты түрде шұғылданып келеді. Ал бұл жерде 1000-ға тарта спортшыларды қамтитын боламыз. Алдағы уақытта Елбасының тапсырмасын 2020 жылға дейін біз орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы