Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Америкада «Дакар» ралли-марафоны басталды

  • 445
  • UPD: 00:11, 09.01.2019

Әлемнің түкпір-түкпірінде жылдың айтулы жарыстары басталып кетті. Австралияда өтіп жатқан теннис турниріне қазақстандық Юлия Путинцева аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Оңтүстік Америкадағы автораллиге, керсінше, жерлестеріміз биыл бара алмады.

Оңтүстік Америкада автораллиден әлемдік аламан басталды. Биылғы бәсекеге 61 елден 300-ден аса экипаж жиналды. Бірақ өкінішке орай, олардың арасында қазақстандық спортшылар жоқ. Өйткені қаржылық қиындықтарға байланысты «Астана» командасы өткен жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Сондықтан биылғы «Дакар» жерлестеріміздің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, алғашқы кезеңде спорттық көліктер ұзындығы 331 шақырым шөл даланы кесіп өтті. Нәтижесінде квадрацикл және жеңіл көліктер санатында катарлық, испаниялық және франциялық шабандоздар топ басына шықты. Ал жүк көліктері арасында ресейлік командаға тең келер ешкім болмады. «Дакар» жарысының алда әлі 9 кезеңі бар. Осы аралықта экипаждар 5 600 шақырымды жүріп өтуі керек.

Қазақстандық киокушин шеберлері үшін биылғы жыл айтулы жарыстарға толы болғалы тұр. Әсіресе, ақпан айында ұлттық құрама Иран елінде өтетін халықаралық жарысқа аттанады. Одан кейін жазда Қырғызстанда өтетін Азия Кубогы мен Жапонияда өтетін Азия чемпионаттары бар. Ал жылдың басты бәсекесі әлемдік біріншілік біздің елде болады. Қазақстан алғаш рет КВЮ тұжырымдамасы бойынша  дүниежүзілік доданы қабылдау құрметіне ие болды. Байрақты бәсеке желтоқсанда Астанада өтеді деп жоспарланып отыр. Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогында іріктеледі. Айта кетейік, бұған дейін елімізде ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымын халықаралық біріншіліктер мен азия чемпионаттары өткен болатын.

Әлемнің ең үздік теннисшілері қазір Австралияда жүр. Сидней мен Брисбен қалаларында жылдың алғашқы жарыстары өтіп жатыр. Соның аясында ең мықты деген 4 спортшы арасында көрсетілімдік матчтар ұйымдастырылды. Оған испаниялық Рафаэль Надаль, канадалық Милош Раонич және жергілікті Ник Кириос пен Джон Миллман қатысты. Алғашқы ойында Ник Кириос Рафаэль Надальдан басым түссе, екінші ойында канадалық теннисші Джон Миллманды жеңді. Ал, жұптық бәсекеде Рафаэль Надаль мен Джон Миллман мықты екендерін дәлелдеді.

Айта кетейік, көрсетілімдік мачтар Австралияда жыл сайын өтеді. Былтыр оған Григор Димитров, Александр Зверев, Ник Кириос және Ллейтон Хьюитт төрттігі қатысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы