378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Ресейдің хоккей тарихында рекорд орнатты

  • 435
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Ресейдің хоккей тарихында рекорд орнатты vesti.kz

Мәскеулік «Динамоны» жаттықтыратын Владимир Крикунов Ресей чемпионаттары тарихында бапкер ретінде өткізген матчтар саны бойынша бірінші орынға шықты, – деп хабарлайды ҚХЛ-дің ресми сайты.

Рекорд 6 қаңтар күні «Динамо» өз алаңында ригалық динамошыларға қарсы овертаймда 1:2 есебімен ұтылған кезде болды. Бұл Крикунов үшін карьерасындағы 1303-ойын болды, осылайша ол 1302 матчқа қатысқан Валерий Белоусовтан асып түсті.

68 жастағы Крикунов 1985 жылдан бері бапкер болып істейді. Ол 2012/13 маусымында астаналық «Барыс» пен Қазақстан құрамасын жаттықтырған.

Ресей хоккейінің тарихында Крикуновтан бөлек үш адам ғаан 1000-нан аса матч өткізген –  Виктор Тихонов, Зинэтула Билялетдинов және Геннадий Цыгуров.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы