375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Динара Сәдуақасова әлемдік супертурнирде бақ сынайды

  • 551
  • UPD: 07:50, 10.01.2019
Динара Сәдуақасова әлемдік супертурнирде бақ сынайды prosports.kz

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Вейк-ан-Зееде әлемдік ірі супертурнирде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Динара Tata Steel chess tournament 2019 турнирінде алғаш рет Қазақстан атынан қатысқалы отыр.

Динара Садуақасова - әлемнің үздік 40 шахматшысы тізіміне енген, ерлердің халықаралық спорт шебері атағын алған Қазақстан шахмат федерациясының арнайы номинанты.

Tata Steel chess tournament 1937 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аса ірі сайыс болып табылады.

Tata Steel Challengers (Б тобы) турниріне 14 шахматшы қатысады: Антон Коробов (Украина), Пархам Магсудлу (Иран), Владислав Ковалев (Беларусь), Евгений Бареев (Канада), Эрвин Л’Ами (Нидерланды), Бенджамин Гледура (Венгрия), Максим Чигаев (Ресей), Андрей Есипенко (Ресей), Рамешбабу Праггнанандха (Үндістан), Винсент Каймер (Германия), Лукас ван Форест (Нидерланды), Элизабет Петц (Германия), Динара Сәдуақассова (Қазақстан), Стефан Кейперс (Нидерланды).

Хабар 24 телеарнасы