375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Путинцева теннистен әлемнің бесінші ракеткасын жеңіп кетті

  • 421
  • UPD: 12:52, 10.01.2019
Юлия Путинцева теннистен әлемнің бесінші ракеткасын жеңіп кетті olympic.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сиднейдегі турнирде әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті, деп жазады Olympic.kz.

Турнирдің 1/8 финалында Юлия америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнаған болатын. Аса тартысты өткен матчтың алғашқы сетінде Путинцева 3:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Ал екінші және үшінші сет қазақстандық спортшының басымдығымен аяқталды.

Сиднейдегі турнирдің ¼ финалында Юлия Путинцева голландиялық Кики Бертенспен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы