375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неймардың әкесі «Барселона» өкілімен жасырын кездескен

  • 417
Неймардың әкесі «Барселона» өкілімен жасырын кездескен vesti.kz

Франциялық «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймардың әкесі әрі агенті каталондық «Барселона» өкілі Андре Каримен кездесті.

Catalunya Radio мәліметінше, кездесу Бразилияда өткен. Бұл кездесуде футбол агенті Пини Захави да қатысқан. 2018 жылдың қарашасында да осыған ұқсас кездесу болған.

Андре Кари 2013 жылы Неймардың бразилиялық «Сантостан» каталондық «Барселонаға» ауысуы кезінде маңызды делдал болған. 2017 жылы жазда бразилиялық рекордты 222 миллион еуроға ПСЖ-ға ауысқан.

Қыркүйекте испаниялық басылымдар бразилиялықтың «Барселонаға» қайта сұранғанын хабарлаған. Жыл бойы оның Франция чемпионатының деңгейі мен Париждегі өміріне разы еместігі айтылды. Оның үстіне клубтастары Эдинсон Кавани және Килиан Мбаппемен бәсекелестік Неймардың жүйкесіне тиетінге ұқсайды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы