378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық велотрекшілер Индонезияда алтын медаль ұтты

  • 990
  • UPD: 17:09, 12.01.2019

Қазақстандық велотрекшілер үшін 2019 жыл сәтті басталды. Индонезияда өтіп жатқан құрлықтық додада жерлестеріміз жеңіс тұғырына бірнеше рет көтерілді.

Әсіресе қыздар арасындағы командалық сында олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері алтын жүлдеге ие болды. Бұл сында ел намысын Ақпейіл Өсім, Кристина Титовская, Эльвира Хамзина және Кристина Стужук қорғаған болатын. Ал ерлер арасындағы командалық спринтте жасөспірімдеріміз 3-орынға тұрақтады. Жекелей сындағы көрсеткіштер де жаман емес. Кейрин бәсекесі бойынша Темірхан Сиязбеков 2-Омниум бойынша Ақпейіл Өсім 3-болып мәре сызығын кесті. Азия чемпионаты 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы