378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин-«Канело»: Үшінші айқас бойынша келіссөздер басталды

  • 547
  • UPD: 12:47, 12.01.2019
Головкин-«Канело»: Үшінші айқас бойынша келіссөздер басталды inform.kz

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздер процесінің басталғанын мәлімдеді.

Мексикалықтың жағы айқасты  Лас-Вегаста «Синко де майо» мекересінде демалыс күні өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын олар «Канелоның» рингке 4 мамырда оралатынын мәлімдеген еді.  «Кеше Головкиннің адамдарымен алдын ала келіссөздер өткіздім. Біз «Синко де майо» мерекесінде үшінші жекпе-жек өткізуді ұсындық. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды дата. Сондықтан, біз келіссөздерді бастаймыз. «Канело» кез келген боксшымен айқасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі - жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, соңы не болатынын көреміз», - деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында. Еске салайық, GGG мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы