378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

  • 679
  • UPD: 15:04, 12.01.2019
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді tengrinews.kz

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр. Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы