389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фристайлдан әлем кубогі: Рейхерд пен Колмаков іріктеуден өтті

  • 759
  • UPD: 22:54, 12.01.2019
Фристайлдан әлем кубогі: Рейхерд пен Колмаков іріктеуден өтті

Канаданың Калгари қаласында фристайлдан әлем кубогінің үшінші кезеңі басталды. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар да бақ сынайды деп жазады Olympic.kz. 

Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков могулдан іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. Рейхерд 77.09 ұпаймен 5-ші орын алса, Колмаков 73.75 ұпаймен іріктеуде 15-орынға тұрақтады. 

Өкінішке орай, Сергей Романов пен Александр Геберт үшін жарыс аяқталды. Сондай-ақ бүгін әйелдер арасында Юлия Галышева мен Аяулым Әмренова сынға түседі. 

Еске сала кетейік, осыған дейінгі әлем кубогі кезеңдерінде Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына іліккен болатын.

Хабар 24 телеарнасы