375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Галышева Канадада өтіп жатқан әлем кубогында бірінші болды

  • 663
  • UPD: 14:06, 13.01.2019
Юлия Галышева Канадада өтіп жатқан әлем кубогында бірінші болды olympic.kz

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жаңа жылды жеңіспен бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан Канаданың Калгари қаласындағы әлем кубогы кезеңінде 79,10 ұпай жинап, топ жарды. Екінші орынға ие болған француз қызы Перрин Лаффронның еншісінде 77,96 ұпай. Америкалық Джейлин Кауф үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Юлия Галышева бұған дейінгі әлем кубогы кезеңдерінде күміс пен қола жүлдегер атанған болатын. Шығысқазақстандық фристайл шебері желтоқсан айында Финляндияда екінші орыннан көрініп, Қытайда қола медальға қол созған-ды.

Хабар 24 телеарнасы