375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

  • 333
  • UPD: 14:44, 13.01.2019
«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады Sports.kz

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы келіссөздердің басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен біздің президентіміз Эрик Гомеске Головкинмен келіссөздерді бастауға тапсырма бердім», - деп жазды Де ла Хойя твиттерде.

Бұдан бұрын Де ла Хойя үшінші айқастың 4 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Бірінші жекпе-жек те, екінші айқас та сонда өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы