377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клубқа ауысты

  • 350
  • UPD: 18:53, 13.01.2019
Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клубқа ауысты Vesti.kz

«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов спорттағы карьерасын «Ростов» командасында жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайтында айтылды.

Бахтиер карьерасын «Тараз» командасында бастаған болатын. Жартылай қорғаушы 2017 жылы қазақстандық премьер-лиганың ең жас үздік ойыншысы атанған еді. Ал 2018 жылы футболшы «Астана» командасына ауысқан болатын. 

Спортшы биыл күзде Еуропа лигаасында алты матчқа қатысқан. Ал «Астана» клубында Зайнутдинов 35 матч өткізді.

Хабар 24 телеарнасы