378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің промоутері чемпиондық белбеулерден айырылудың жақсы жағын атады

  • 396
  • UPD: 12:43, 14.01.2019
Головкиннің промоутері чемпиондық белбеулерден айырылудың жақсы жағын атады © sport-express.ru

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізетін промоутер Том Леффлер чемпиондық белбеулерден айырылудың жақсы жағы да барын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альварестен (51-1-2, 35 КО) қарымтада жеңілген. Осылайша, қазақстандық карьерасында алға рет жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды.

«Головкин және «Канело» жекпе-жегі - әлі де бокстағы ең ірілердің бірі. Қазір Геннадий халық чемпионы. Онда міндет жоқ және санкциялық салымдарды төлеу қажеттілігінен құтылған», - деп келтіреді Леффлердің сөзін Boxingnews24.com.

Хабар 24 телеарнасы