378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путинцева Australian Open-дегі алғашқы айналымда жеңіске жетті

  • 248
  • UPD: 15:12, 14.01.2019
Путинцева Australian Open-дегі алғашқы айналымда жеңіске жетті inform.kz

Қазақстандық Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының алғашқы айналымында чехиялық Барбора Стрыцовамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осының алдында Сидней турнирін сәтті өткізіп, ширек финалға дейін жеткен Ю.Путинцева дүниежүзілік рейтингте үздік қырық теннисшінің қатарына еніп, 39-сатыға көтерілген еді.

Әлемнің 33-ракеткасы, 32 жастағы Б.Стрыцова мен 1995 жылғы қазақстандық теннисші бұған дейін үш мәрте кездесіп, соның екеуінде чехиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болып тұрған мезетте Ю.Путинцева брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан айырылмай, сетті жеңіспен тәмамдады - 6:4.

Екінші партияда керісінше Б.Стрыцова брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Ю.Путинцева қайыра брейкке қол жеткізіп, өз геймін де алды - 3:3. Содан кейін тартысты геймде тағы бір брейк жасап, таразы басын өзіне аударды - 4:3. Путинцеваның доп бергендегі қателігін пайдаланған Стрыцова да қалыспады - 4:4. Чехиялық теннисшінің осындай сәтсіздігінен кейін қазақстандық теннисші матчқа доп берді - 5:4. Жауапты геймде жинақы ойнаған Стрыцова есепті қайта теңестірді - 5:5. Есеп 6:6 болғаннан кейін тай-брейкте Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ - 7:1.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағатқа жуық уақытқа созылды.

 

Хабар 24 телеарнасы