378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Арлан» Құрлықтық кубокта топ жарды

  • 363
  • UPD: 22:40, 14.01.2019
«Арлан» Құрлықтық кубокта топ жарды Zakon.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігін сәтті бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Алғашқы айналымда чехиялық Барбара Стрыцовамен кортқа шыққан жерлесіміз 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Енді Путинцева швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Велотректен Азия чемпионаты

Индонезияда велотректен Азия чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қытай мен Жапониядан кейін үздік үштіктің қатарына кірді. Құрлық біріншілігінде олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті. Қыздар командалық сында топ жарса, жігіттер күміс жүлдеге ие болды. Жекелей сайыста Кристина Титовская мен Сергей Пономарев Азия чемпионы атанды. Өсім Ақпейіл скретчтен қола медальға қол жеткізді. Жалпы Қазақстан құрамасының спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль ұтып алды.

«Арлан» хоккейшілері Құрлықтық кубокта топ жарды

Көкшетаудың «Арланы» шайбалы хоккейден Құрлықтық кубоктың иегері атанды. Қазақстандық командалар бұрын-соңды бұл жарыста жеңіске жеткен емес. Сондықтан «Арланның» жеңісі – ел хоккейіндегі айтарлықтай жетістік. 17 мемлекеттің чемпиондары қатысқан халықаралық жарыстың финалдық ойындары Солтүстік Ирландияда өтті. Көкшетау командасы алдымен Польша клубы «Катовицеден» 4:2 есебімен басым түсті. Сосын Беларусьтің «Гомелін» жеңді. Есеп – 8:2. Соңғы кездесуде айдын иелері «Белфаст Джайантстан» буллит сериясында айласын асырды. 8 ұпай жинаған «Арлан» жарыс қорытындысы бойынша Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды.  

Месси Ла Лигадағы 400-голын соқты

Лионель Месси испан примерасындағы 400-голын соғып, Ла Лига тарихында осы жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды. Чемпионаттың 19-турында «Барселона» «Эйбарды» қабылдап, 3:0 есебімен басым түсті. 53-минутта Месси мергендік танытып, айтулы межеге аяқ басты. Бұл нәтижені аргентиналық ойыншы 435 кездесуде алаңға шығып бағындырды.

Australian open турнирі

Бүгін Мельбурн қаласында теннистен Австралия ашық біріншілігі басталды. «Үлкен дулыға» жарысының алғашқы кезеңінде испаниялық Рафаэль Надаль корт иесі Джеймс Дакворттан басым түсті. Есеп – 6:4, 6:3, 7:5. Америкалық теннисшілер Джон Изнер мен Рейлли Опелка арасындағы ойын аса тартысқа толы болды. Бұл сында Опелка атақты қарсыласынан айласын асырды. Есеп – 7:6, 6:6, 6:7, 7:6.

Хабар 24 телеарнасы