389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» мен «Барселона» 2 наурызда кездеседі

  • 798
  • UPD: 22:56, 14.01.2019
«Реал» мен «Барселона» 2 наурызда кездеседі

Ла Лига 2018/19 жылғы маусымда Испания чемпионатының 26-туры аясында өтетін екінші Класиконың уақытын жариялады.

Матч 2 наурызда Астана уақытымен 01:45-те «Сантьяго Бернабеу» стадионында басталады, деп хабарлайды «Барселонаның» ресми сайтына сілтеме жасай отырып eurosport.ru.

Маусымның өзара алғашқы кездесуінде «Реал» «блаугранадан» 1:5 есебімен тас-талқан болып ұтылған еді. Сол ойыннан соң «корольдік» клубтың бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен кетті.

«Барселона» дәл қазір примераның көш басында тұрса, Мадридтің «Реалы» төртінші орынға жайғасқан.

Хабар 24 телеарнасы