378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті

  • 303
  • UPD: 11:46, 16.01.2019
Шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан 1 дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіске жетті.

Алғашқы матчта Түркияны 15:0 есебімен жеңген біздің команда бұл жолы Австралиямен ойнаған болатын, ҚР ҰОК баспасөз қызметі. 

Ойында алғашқы голды қарсыластар соқты. Алайда араға 4 минут салып есепті теңестірген Қазақстан құрамасы матчта жеңімпаз атанды. Біздің команда Австралия қақпасына 5 шайба соқты.

Александра Голотвина, Диляра Сулайманова, Екатерина Куценко, Аружан Кеңесова және Томирис Оспановалардың көзге түскенін айта кету керек. 

Австралия – Қазақстан – 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)

1:0 – Дэвис Топ – 09:12

1:1 – Голотвина (Пяткова, Оспанова) – 13:25 

1:2 – Сулайманова Д. (Кеңесова, Пяткова)- 29:03

1:3 – Куценко (Шахматова, Голотвина) -36:32 

1:4 – Кеңесова -53:37

1:5 –Оспанова – 59:38 

Қақпашылар: Ласт – Кононова.

Хабар 24 телеарнасы