378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

  • 288
  • UPD: 23:15, 17.01.2019
Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

9 қаңтар күні АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында фристайлдан әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді.

Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Лейк-Плэсидте Қазақстан намысын Павел Колмаков, Александр Геберт, Дмитрий Рейхерд, Константин Горлачев, Олег Цинн, Юлия Галышева және Аяулым Әміренова қорғайды. 

Спортшылардың барлығы могулда бақ сынайтынын ескертеміз. 

Еске сала кетейік, Юлия Галышева осыған дейін өткен әлем кубогының үш кезеңінде де жүлдеге ілікті. Финляндияның Рука қаласында күміс медаль иеленген ол Қытайда параллельді могулдан үздіктер үштігін тұйықтады. 

Ал Калгаридегі (Канада) үшінші кезеңде Галышева маусымдағы алғашқы жеңісін тойлады. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лафонды басып озып, алтыннан алқа таққан еді. 

Бүгінде әлем кубогының жалпы есебінде Юлия Галышева франциялық спортшыға ғана есе жіберіп, екінші орында келеді. 

Ал ерлер арасында Дмитрий Рейхерд Қытайдағы әлем кубогының қола медалін иеленді. Ол жалпы есепте алғашқы бестікке енді.

Еске сала кетейік, могулдан әлем кубогының финалдық кезеңі 2-3 наурыз күндері Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы