378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Галышева Әлем кубогының іріктеу кезеңінде көш бастап келеді

  • 298
Юлия Галышева Әлем кубогының іріктеу кезеңінде көш бастап келеді Skisport.kz

Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді, деп жазады Olympic.kz.

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони  (74.21)үшінші сатыда. 

Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова 35-орын иеленіп, іріктеуден өткен жоқ.

Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді.

Хабар 24 телеарнасы